Петропавлдағы ЖЭО-2 апаты: кемшіліктер анықталды

Петропавл жылу электр орталығындағы апаттан кейін басталған тексеру жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Энергетика министрлігінің комиссиясы онда бірқатар ереже бұзылғанын анықтады. Атап айтқанда, түтін мұржасын салар алдындағы жобалау мен бетондау, түтін құбырын жөндеу мерзімдері сақталмаған. Ол аздай мұның бәріне жауапты мамандар мен басшылық уақытылы шара қолданбаған.

Айта кетейік, 20 наурызда Петропавл 2-жылу электр орталығында апат болып, 38 жастағы жұмысшы әйел көз жұмған болатын.