Атырауда есірткі тасымалымен айналысқан шетелдік ұсталды

Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.

Нигерия Федеративтік Республикасының 24 жастағы азаматы синтетикалық есірткі заттарын сақтап, тасымалдап келген. Ол «Қарасора – 2022» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде ұсталды. Күдіктінің көлігін тінту барысында әрқайсысы шамамен 1 грамм болатын 5 полиэтилен қалташа тәркіленді. Сараптама нәтижесі бойынша тәркіленген зат жалпы салмағы 5 грамм мефедрон синтетикалық есірткісі екені анықталды. Қазір күдікті Атырау қаласындағы уақытша ұстау изоляторында отыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.