ШҚО-да алаяқтықпен тұрғындарды алдап 90 млн тапқан күдікті ұсталды

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны қант тапшылығы төңірегіндегі дүрбелеңді пайдаланып, интернет арқылы 100 адамды алдап соққан. Тәттіден тоқсан миллион тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айла тәсілі оңай. Бар-жоғы қантқа мұқтаж жандарға құмшекерді онлайн саудалаған. Бірақ ақысын алғаннан кейін ізім-ғайым жоқ болады. Бұл фактіні ШҚО полиция департаменті растап отыр. Қазір алаяқтың үстінен қылмыстық кодекстің 190-бабына байланысты іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктінің кінәлі екені дәлелденсе жеті жылға дейін түрмеге қамалып, осы күнге дейін жиған тергенінің бәрі тәркіленеді.