Алматыда жігіт 2 жасар сәбиді биіктен аман алып қалды

Алматыда 19 жастағы студент екі жасар баланы 6-қабаттан құлап кетуден аман алып қалды.

Куәгерлер «Алтынбұлақ» тұрғын үй кешеніндегі баспалдақ алаңында баланың басы тордың арасына қысылып, денесі жерге қарай салбырап тұрғанын көрген. Көмекке шақырған көршілердің дауысын жас жігіт естіп, бірден жәрдемдесуге ұмтылған.

Абырой болғанда, ол бүлдіршінді дер кезінде құтқарып үлгерді. Батыл жігіт Абай атындағы педагогикалық университеттің дене шынықтыру факультетінің студенті Ерасыл Махмұт екені белгілі болды.

Ерасыл Махмұт, Алматы қаласының тұрғыны:

- Бүгін Брусиловская 167 үйінің алдынан өтіп бара жатқан кезде 6-этажда бір бала құлайын деп тұрды. Еш ойланбастан 6-этажға көтеріліп, баланы құтқарып алдым.