Форт-Шевченко қаласында су астында қалғандар құтқарылды

Форт-Шевченко қаласында су астында қалғандар құтқарылды

Бүгін Түпқараған ауданына қарасты аудан орталығы Форт-Шевченко қаласынан 68 шақырымдағы «Көгілдір айлақ» (голубая бухта) теңіз жағалауында нөсер жауыннан кейінгі қарғын су салдарынан автокөліктер мен адамдардың су астында қалып қойды. Сағат 8:28-де Ақтау қаласының №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен 1 арнайы техника эвакуациялау жұмыстарын жүргізді. 

Арнайы техника көмегімен 10 адамды аталған жерден алып шықты. Балалар саны 2, Ақтау қаласына жөнелтілді, медициналық көмекке мұқтаждық жоқ.

Сонымен қатар Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты ұйымдастыруымен арнайы техника шақырылып жұмыстар жүргізілді. Батып қалған 4 автокөлік арнайы техникамен шығарылды. Қосымша Ақтау қаласынан келген АСА-20 арнайы техника жолдың бойында батып қалғаны 2 автокөлікті анықтап, олар да шығарылды. Қазір жағдай қалыпты. Зардап шеккендер жоқ.