Ақтөбеде қылмыстық топ кәсіпкерлерден заңсыз ақша талап етіп келген

Ақтөбеде қылмыстық топ кәсіпкерлерден заңсыз ақша талап етіп келген

Аймақтық тәртіп сақшылары ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметімен бірлесіп, 6 адамнан тұратын ұйымдасқан топтың әрекетіне тосқауыл қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұсталғандар деструктивті ағым мүшелері болуы мүмкін. Жедел шара барысында күдіктілер қылмыс үстінен қолға түсіп, уақытша абақтыға қамалды, тергеу жүріп жатыр.