Атырау облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Оқиға түнгі 11 шамасында Атырау – Орал тас жолының 19-ыншы шақырымында болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Toyota Pradа көлігі қарсы бағытқа шығып кетіп, «Ваз» автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан «Ваз» автокөлігінің жүргізушісі және 2 жолаушы оқиға орнында қайтыс болды. Ал зардап шеккен бір адам ауруханаға жатудан бас тартқан. Оқиғаға қатысты қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.