Демалыс аймағында ер адам бөтелкелесін пышақтап тастады – Павлодар облысы

Күдікті Баянауыл ауданының уақытша ұстау изоляторына тоғытылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс жағдай 22 шілде күні сағат 20:00-де «Жасыбай» демалыс аймағында болған.

– Павлодар қаласының 35 жастағы тұрғыны спирттік ішімдікті бірге ішу кезінде туындаған жанжал барысында 51 жастағы павлодарлыққа пышақ жарақатын салған. Салдарынан жарақат алған адам оқиға орнында қайтыс болды, – делінген департамент таратқан мәліметте.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.