Қызылорда облысында жол-көлік апаты көбейген

Мына кадрларды куәгерлер оқиға орнынан түсіріп алған. Арал ауданының Ақбай ауылының маңында жүк көлігі мен «Тайота Альфард» маркалы темір тұлпар соғысқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Апаттың жойқын болғаны сондай, жеңіл көліктің сау тамтығы қалмаған. Адам шығыны бар. Өкінішке орай, мұндай жағдай бірнші рет емес.

Гүлмира Пірназарова, облыстық Көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары:

- Соңғы уақытта «Альфард» көліктерімен қалааралық жолаушы тасымалы көбейді. Өйткені бұл көліктерде 7 орын бар. 2020 жылдан бері олардың заң бұзушылықтарын анықтау шаралары үздіксіз жалғасуда. Тіпті, сотқа дейін жеткендері де бар. Айыппұл көлемі өте үлкен болғандықтан барлық дәлел бола тұра, олар кінәларын мойындағысы келмейді.

Полицейлер де «Альфардтармен» алысудан шаршамайды. Өйткені олар өзгелердің өмірін қыл үстіне қойя тұра, заңсыз пайда табудан қымсынбайды. Рейд брасында да қалааралық такси тұрағындағы жүргізушілер полицейлерді көрген бойда, жасырына бастады.  Олардың бұл әрекеттері көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалды.

Дегенмен жүгенсіз жүргізушілер азаяр емес. Жыл басынан бері облыс жолдарында 59 адам қаза болған. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2 есе көп. Қайғылы статистика «Қауіпсіз жол» шарасын өткізудің басты себебі болды.

Марат Рахметов, облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы басшысының орынбасары:

- Іс-шараның 7 күнінде барлығы 2078 құқықбұзушылық анықталып, оның ішінде қоғамдық көлік құралдарын басқаратын жүргізішілермен жасалған 51 құқықбұзушылық анықталды. Атап айтсақ жүргізушінің көлік құралын мас күйінде басқарудағы 21, қарсы бағытқа шығудың 5, жалған мемлекеттік номер тағулардың 3, құжатсыз автокөлікпен жүру 126, тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлаусыз кәсіпкерлік немесе өзге де қызметтермен айналысудың 5 дерегі анықталды.

«Қауіпсіз жол» шарасы 18 тамызға дейін жалғасады.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Әлхайдар Тұрлыханов