Түркістан облысында пара алған басшы ұсталды

Ол қарамағындағы қызметкерін жұмыс орнында қалдыру үшін ақша талап еткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жедел уәкілдер күдіктіні қылмыс үстінде ұстады. Яғни жәбірленушіден бір миллион теңге алып жатқан жерде қолға түскен. Заттай дәлел ретінде ақша тәркіленді. Бұл істі полиция «алаяқтық» бабымен тіркеп, сотқа дейінгі тергеу басталды.