Түркістан облысында ұялы телефон ұрлаған бойжеткен ұсталды

Бойжеткен ұялы телефонды Қазығұрт ауданындағы дүкеннен ұрлаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Көп ұзамай полиция қылмысқа қатысы бар күдіктіні анықтады. Ол жергілікті тұрғын екен. Күдіктіден айғақ зат тәркіленді. Қазір сотқа дейінгі тергау амалдары жүргізіліп жатыр. 

АҚТАУДА ЖОЛ КӨЛІК ОҚИҒАСЫ БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫНА ТҮСІП ҚАЛҒАН

Қаладағы айналма жол бөлігінде «Lexus LX 570» пен «Lada Largus» маркалы екі көлік соғысқан. Бейнекадрдан «Ынтымақ» алаңына қарай бағыт алғанын жеңіл көлікке 14-ықшам аудан жағынан келген жол талғамайтын көліктің жүргізушісі жол бермегенін көруге болады. Жол көлік оқиғасы салдарынан «Lexus LX 570» көлігі бір жағына аударылып түсті. Әзірге полиция бұл оқиға бойынша мәлімет берген жоқ. 

ЕСІРТКІ ТАРАТҚАНДАР ҰСТАЛДЫ

Көкшетауда есірткі таратып жүрген 17 жастағы жігіт ұсталды. Одан полицейлер 25 дана түйіншектелген ақ түсті ұнтақ тапты. Осыдан бірнеше күн бұрын дәл оысндай әрекеті үшін 19 жастағы қала тұрғыны полицейлердің қолына түскен. Оның қол сөмкесінен 64 дана түйіншектелген ақ түсті ұнтақ тәркіленген болатын. Екі күдікті де есірткіні жасырған жерлерін ұялы телефондары арқылы суретке түсіріп алған. Күдіктілерге қатысты есірткі затын ірі көлемде сақтау бабы бойынша іс қозғалып, тергеу басталды. 

МАС ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ

Таразда мас күйінде көлік басқарған тұрғын ұсталды. Шөлдала иіні аумағында полицейлер тоқтатқан ВАЗ-2104 көлігін тізгіндеген 51 жастағы жүргізушінің алкагольдік ішімдік ішкені медициналық куәландыру арқылы дәлелденген. Сонымен қатар оның бұған дейін де ішімдік ішіп рөлге отырғаны үшін сот шешімімен көлік жүргізу куәлігінен айырылғаны белгілі болды. Көлік айып тұрағына қойылып, жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.