Елорда әуежайына жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпар жалған болып шықты

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі осылай дейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айтуларынша, бүгін таңғы сағат 09:46-да әуежайдың электронды поштасына әуежай аумағына қолдан жасалған жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар келіп түскен. Осыдан кейін құқық қорғау органдары дереу тексеру жұмыстарын жүргізіп, аумақтан ешқандайда бомбаның жоқтығын анықтады.