Өскеменде жанармай станциясында жарылыс болып, бір адам қаза тапты

Өскеменде жанармай құю бекетінде жарылыс болып, бір жұмысшы қаза тапты. Және оның 12 жастағы көмекшісін күйік шалды.

Құтқарушылардың айтуынша, Промышленная көшесіндегі бекетте жанармай құятын бөшкені тазарту кезінде газбен ауа қосындысынан жарылыс болған. Ал ол сәтте 42 жастағы азамат резервуар ішінде жұмыс істеп жатқан екен. Ол сол жерде тіл тартпастан көз жұмған. Жарылыстан зардап шеккен жасөспірім ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қылмыстық іс қозғалды.

Марина Лискова, ШҚО ТЖД Баспасөз хатшысы:

- Қазіргі күні осы оқиғаның себебі анықталып жатыр. Сонымен қатар бұл іспен енді полиция қызметкерлері де айналысады.