Павлодар облысында жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысты

Кеше түнде Павлодар облысы Қарабай ауылының маңындағы көпірде жол апаты болып,  жүк көлігі жеңіл көлікке соқтығысқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен жолаушысы орташа ауыр жағдайда ауруханаға түскен. Бір адам жансақтау бөлімінде жатыр. Екі көлік те айып тұрағына қойылды.

Алма Мұсабекова, облыстық ПД баспасөз қызметі басшысының міндетін атқарушы:

- Жол-көлік оқиғасы салдарынан Ауди-80 автокөлігінің жүргізушісі мен 42 жастағы жолаушысы жарақат алып, қалалық ауруханаға жатқызылды. Дерек бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп, сараптама тағайындалды.