Air Аstana әуе компаниясына үшінші рет айыппұл салынды

Air Astana-ға үшінші рет айыппұл салынды. 5 маусымда компания тобына кіретін Fly Arystan-ның Алматы – Шымкент бағыты бойынша КС-7105 рейсі 15 сағат 10 минутқа кешігіп ұшқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұны Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің басшысы Талғат Ластаев айтты. Рейсті күткен жолаушылар қонақ үйге орналастырылмаған. Осылайша компания «Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» заңды бұзған. Талғат Ластаев мәлімдегендей 28 шілдеде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, соған сәйкес Air Astana-ға 3 миллион 63 мың теңге айыппұл салынды. Бұл – компанияға ілінген биылға үшінші айыппұл.