Түркістан облысында теріс діни ағымды ұстанатын тұрғыннан есірткі тәркіленді

Түркістан облысында теріс діни ағымды ұстанатын тұрғыннан есірткі тәркіленді

Кентауда деструктивті діни ағым жақтаушысы ауласында қарасора өсірген.

Түркістан облысы полиця департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментімен бірлесіп жедел іздестіру шараларын жүргізді. Оның барысында есірткі затын сатады деген күдікпен ер адамды ұстады. Ол – деструктивті діни ағымның жақтаушысы ретінде тіркелген Кентау қаласының тұрғыны болып шықты. Жедел уәкілдер күдіктінің тұрғылықты мекенжайына тінту жүргізіп, оның үйінің ауласынан биіктігі 30-40 см болатын есірткіге ұқсас 17 түп өсімдікті тауып, тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес айғақ ретінде алынған шөп құрамында есірткісі бар «сора» болып шықты. Аталған жайт ҚР ҚК 300-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Оқиғаның бүкіл мән-жайы анықталады.