Өскеменде заңсыз ішімдік цехы әшкереленді

Өскемендегі өндірістік базалардың бірінде бір топ азамат заңсыз ішімдік шығарып келген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар санитарлық талапты сақтамай, спиртке су мен түрлі бояулар, дәмдеуіштер қосып, алкоголь өнімі ретінде нарыққа жөнелтіп отырған. Отандық арақ-шарап зауыттарының сауда белгілерін заңсыз пайдаланған осындай 16 мыңнан астам шөлмек цехты тінту кезінде тәркіленді. Тағы 700 литрден аса спирт, 15 мың жалған акциздік марка табылды. Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан обысы бойынша департаменті аталған қылмысқа қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтап жатыр.