Степногорск қаласында нөсер жауыннан көшені су басты

Ақмола облысына қарасты Степногорск қаласында тоқтаусыз жауған жаңбырдан көше мен көліктер су астында қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нөсерден көлкіген су азық-түлік базарына да кіріп кеткен. Тұрғындар мұндай жаңбырды алғаш рет көріп отырғандарын айтады. «Қазгидромет» баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, түнде бір айлық жауын-шашын нормасының жартысы жауған.