Көкшетауда жауыннан жеке үйлерді су алды

Көкшетауда түні бойы нөсер жауып, қалалықтарды әбден әбігерге салды.

109 қызметінің есебінше, түнде тұрғындардан 50 шақты қоңырау келіп түскен. Әсіресе жеке үйлердің аумағы жаңбыр суына толған.

Тіпті қаланың орталығындағы кейбір мөлтек аудандарды су басқаны байқалады.

Жергілікті әкімдіктің айтуынша, қазір су сору жұмыстары жүріп жатыр. Бұдан бөлек жауынның салдарынан бірнеше шағын ауданда жарық та сөнген. Олар да біртіндеп қалыпқа келтіріледі, дейді жауаптылар.