Тау-кен фермаларында заңсыз әрекеттерін жүргізіп келген қылмыстық топ ұсталды

Тау-кен фермаларында заңсыз әрекеттерін жүргізіп келген қылмыстық топ ұсталды
Polisia.kz

ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті, ҰҚК 5 департаменті және Алматы ПД, Алматы қаласы, Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе және Жамбыл облыстарының аумағында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстау бойынша бірлескен арнайы операция жүргізді. Барлығы 23 адам ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24» Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұрын сотталғандар мен криминалдық іс-әрекетке машықтанған қылмыстық топ мүшелері тау кен фермаларында бірнеше жылдан бері өз тәртіптерін орнатып, заңды белден басқан.
Олардың бақылауындағы заңсыз кенші фермаларының қызметі есебінен Алматы облысының Талғар ауданы аумағында қылмыскерлер ай сайын 300-500 мың доллар мөлшерінде пайда тауып келген. Заңсыз тау-кен фермаларын тінту кезінде қылмыстық топтың 7 мүшесі ұсталды. Қылмыскерлермен IT технологиялар саласындағы 36 жастағы маманды өздерінің қылмыстық істеріне араластырған. Олар жұмысшыларға қауіп төндіре отырып, бопсалау арқылы тау-кен фермаларының жұмысын ұйымдастыруға мәжбүрлеген. Заңсыз сақталған қарудың тұрған жерін анықтау бойынша жедел комбинацияларды жүргізу кезінде топтың үш мүшесі ұсталды, олардың біреуі – әскери қызметші.  Олардан АКСУ автоматы, 60 патрон және Сталкер, Ретай маркалы тапаншалар алынды. Тінту нәтижесінде, жедел уәкілдер заттай дәлелдемелер мен қылмыс құралдарын, қара бухгалтерияны, сондай-ақ жалпы сомасы 7 млн АҚШ долларына жуық майнингтік фермалардың жұмысына арналған 6 мыңнан астам жабдық атауын, Макаров тапаншасын, сондай-ақ жалған автомобиль нөмірлерінің 3 жиынтығын тәркіледі.