476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Тараз тұрғыны арзан қант сатамын деп жерлестерін алдаған

  • 212
  • UPD: 20:32, 01.08.2022

Тараз тұрғыны арзан қант сатамын деп, жалған уәдемен жерлестерін 2 млн теңгеге алдап кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

23 жастағы алаяқ әйел елдегі қантқа қатысты дүрбелеңді пайдаланып, қитұрқы жолмен пайда табуды көздесе керек. 29 шілде күні қалалық полиция басқармасына бірнеше тұрғыннан шағым түсті. Олардың айтуынша, алаяқ әйел қанттың ақшасын алған күйі байланысқа шықпай қойған. Жедел іздестіру барысында күдікті қолға түсіп, сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады, енді оның осы іспеттес басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталады.

Хабар 24 телеарнасы