Павлодарда күйік шалған дәнекерлеушінің жағдайы әлі ауыр

Науқас жансақтау бөлімінен палатаға шығарылды. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы 3-4 күнде жақсаруы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қажетті ем-дом жасалып жатыр. Естеріңізге салайық, 51 жастағы қала тұрғыны цистернаны дәнекерлеу кезінде қатты күйіп қалған еді. Болған оқиғаға байланысты еңбек инспекциясы тексеру жүргізіп жатыр. Зардап шеккен азамат желдеткіш қондырғыларын жөндеумен айналысатын кәсіпорында жұмыс істейді. 

Асхат Мұрсалімов, күйік бөлімшесі меңгерішісінің міндетін атқарушы:

– Науқастың денесін 40 процентке күйік шалған. Әзірге қандай да бір болжам айтуға болмайды. Ол есін біледі. Бірақ жағдайы бірқалыпты ауыр.