Атырау облысында суға кеткен әкімнің денесі табылды

Суға кеткен Атырау облысы Махамбет ауданы әкімінің денесі табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құзырлы органдар осы дерек бойынша тексеріс жүргізіп жатыр.

Еске сала кетейік, кеше кешкі сағат 10 жарымның шамасында Ортақшыл ауылының тұсында 40 жастағы азамат суға кетіп қалған еді. Кейін оның Махамбет ауданының әкімі екені белгілі болды. Ринат Жанқылыш былтыр ақпан айында ғана осы ауданға әкім болып тағайындалған еді.