Бекет Атаға зиярат етушілер арқар көрген

Маңғыстау облысындағы Бекет Ата жерасты мешітіне зиярат етіп барғандар үстірт арқарын көрген.

Куәгерлер түсірген бейнежазбада қызыл кітапқа енген жануар адамдардан қорықпай дәл жанында жүр. Кейін көзден ғайып болған. Халықтың сенімі бойынша Бекет Ата мешітінде арқарды кездестіру жақсылықтың нышаны.