Әсел Айтпаева ісі: туысы 15 жылға сотталды

Әсел Айтпаеваға қатысты сот процесі аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сот үкімімен Мұрат Мейірбеков зорлау және адам саудасы фактісі бойынша кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Естеріңізде болса, былтыр көктемде 26 жастағы Әсел өзінің алыс туысы Мейірбековтың шақыруымен гүржі еліне жұмыс істеуге барады. Бірақ көп ұзамай Тбилисидегі көпқабатты үйдің маңынан мәйіті табылды. Өлер алдында Әсел құрбысына аудио хабарлама жіберіп үлгерген. Онда ер адам зорлық-зомбылық көрсетемін деп қорқытқаны естіледі. Өз кезегінде Грузияның бас прокуратурасы өзіне қол жұмсауға итермеледі және қызды зорлады деген күдікпен тағы бір адамды қамауға алды. Ол Грузияның 57 жастағы азаматы Бесик Тордуа болып шықты. Тордуа сот үкімі шыққанға дейін қамауда болды, бірақ кейін Грузиядағы емханада қайтыс болған.