Атырауда Хаменова ісі бойынша сот отырысы басталды

Атырауда облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова мен мәдениет басқармасының экс-басшысы Ақылбек Рысқалиевқа қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алғашқы сот отырысына үш адвокат пен айыпталушылардың туыстары қатысты. Отырыста Хаменова айыптау актісімен таныспағанын айтты. Сол себепті сот отырысы 11 тамызға белгіленді.

Естеріңізде болса, өткен жылдың 10 желтоқсанында Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев Атырауда ақын Абай Құнанбайұлының ескерткішін орнату бойынша мемлекеттік сатып алу келісімшартын жасауға 4 млн 500 мың теңге көлеміндегі пара алды деген күдікпен қамалған еді.