476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Екібастұзда адам өлтірді деген күдікті ұсталды

  • 172
  • UPD: 15:40, 03.08.2022
Екібастұзда адам өлтірді деген күдікті ұсталды Media.az

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 тамыз күні Королев көшесіндегі үйдің кіреберісінде  41 жастағы азаматтың  денесі табылды

- Полиция қызметкерлері аталған қылмысты жасады деген күдікпен жедел іздестіру іс-шараларының барысында 57 жастағы ер адамды анықтап, ұстады, - деді департаментте. 

Пәтерде алкогольдік ішімдік ішу кезінде жанжал туындап, күдікті қала тұрғындарына пышақ сұғып алған, салдарынан жарақат алған адам сол жерде көз жұмды. 

ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, бірқатар сараптамалар тағайындалды.

Хабар 24 телеарнасы