Көліктік бақылау саласында жемқорлық деректері анықталды – Антикор

Антикор көліктік бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтады.

Көліктік бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау бірқатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ашты.

Талдау нәтижелері бойынша Көлік комитетінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша 100-ден астам ұсынымдар әзірленді.

Агенттіктің Превенция қызметінің басшысы Марат Ахметов өз сөзінде көліктік бақылау саласында сыбайлас жемқорлыққа жоғары бейімділік байқалатынын, іс жүзінде барлық бағыттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталғанын атап өтті.