Екібастұзда матаушы кран алаңында жарақат алды

Ер адам жарақатпен Екібастұз қаласының ауруханасына жатқызылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 тамыз күні  сағат 08.30-да ЖШС-ның жабық кран алаңында 38 жастағы матаушы жұмыс кезінде аяғын жарақаттап алған. 

Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.

- 1984 жылғы ер адамда оң жақ жамбасы мен  оң жақ аяқтың ортаңғы үштен бір бөлігінің жабық сынуы анықталды. Жағдайы орташа ауыр, - дейді денсаулық сақтау басқармасында. 

Облыстық еңбек басқармасында  жазатайым оқиғаға қатысты тергеу басталғанын хабарлады.