Петропавлда Тәжікстан азаматы суға кетті

Оқыс оқиға арнайы жабдықталған жағажайда болған. Алайда құтқарушылар жетіп үлгірмеген.

Жанындағы достары да құтқара алмады. Шетелдік жігіт жағалаудан 80 метр жерде катамаранмен серуендеп жүріп, суға құлап кетті. Үстінде құтқару күртешесі болмағандықтан қалың қамыс арасынан шыға алмаған. Қазір мамандар оқиғаның мән-жайын анықтап, тергеу жүргізіп жатыр.

Марат Мұратов, СҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы:

- Катамаранды жалға беретін адамдарды тексереміз. Көлік инспекциясымен бірлесе жұмыс істеп жатырмыз, оларды әкімшілік жауапкершілікке тартамыз. Жергілікті полиция қызметі де барлық мән-жайды анықтайтын болады.