Оралда механикалық зауыт өртенді

Оралда механикалық зауыт ғимаратының шатырынан өрт шықты.

Кәсіпорын қаланың қақ ортасында орналасқан. Өртті сөндіруге 50-ден астам адам мен 15 арнайы техника жұмылдырылды. Олар тілсіз жауды ауыздықтап үлгерді. Қызыл жалын 240 шаршы метр аумақты шарпыған. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің шығу себебі мен шығын көлемі анықталып жатыр.

Сондай-ақ...