476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Өскеменде әскериге қысым көрсеткен рота командирі лауазымынан шеттетілді

  • 195
  • UPD: 13:11, 06.08.2022
Өскеменде әскериге қысым көрсеткен рота командирі лауазымынан шеттетілді ҚазАқпарат

Өскемен қаласында әскери қызметшіге қысым көрсеткен рота командирі қызметінен босатылды.

Әскери қызметшінің анасы рота командирінің заңсыз әрекеттері жайлы әлеуметтік желіге жазған. Оның сөзінше, ұлына қысым көрсеткен командир несие алуға, үйіне азық-түлік әкеліп беруге мәжбүрлеп отырды. ҚР Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы аталған мәселеге қатысты ресми мәлімдеме жасады. «Бұл дерек АЕК-ға тіркеліп, әскери полиция тексеріс жұмыстарын бастады. Сонымен қатар «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы да қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда 5518 әскери бөлімінің әскери қызметкері капитан А. Сағынтаев қызметінен шеттетілді.Тексеріс қорытындысы бойынша қосымша хабарланатын болады», – дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Амангелді.

Хабар 24 телеарнасы