Елордада көп қабатты үйден өрт шықты

Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментітұрғын үй кешенінде шыққан өртке қатысты мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«6 тамызда сағат 20:05-те Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД бөлімшелері Төлебаев көшесі, 6 мекен-жайында орналасқан «Арыстан» тұрғын үй кешенінде өрт шыққаны туралы хабарламаға дереу шықты.

Шақырту орнына өрт сөндірушілер үш минутта жетті. Өрт сөндіру барысында қойма нысанында 25 шаршы метр алаңда құрылыс материалдары мен пластик бұйымдар жанғаны анықталды. Өрт сөндірушілердің күшімен жалынның таралуы сағат 20:21-де тоқтатылып, 20:32-де толығымен сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген ТЖД хабарламасында.

Отты сөндіруге жеке құрамнан 28 адам мен 5 техника жұмылдырылған.