476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

ШҚО-да 997 баланы кене шаққан

  • 187
  • UPD: 11:24, 07.08.2022
ШҚО-да 997 баланы кене шаққан

Шығыс Қазақстан облысында көктем шыққалы бері 997 баланы кене шаққан.

ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша сәуір айынан бері эндемиялық аумақтарда 3346 адамды кене шақты. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың саны – 997. Бұл кенеден зардап шеккендер үлесінің 30 пайызына жуықтайды.

«Кене энцефалитіне шалдыққан 8 адам тіркелген. Бұл науқастардың ешқайсысы кене шаққаннан кейін медициналық көмекке жүгінбеген. Дәрігерлерге уақтылы, яғни үш күннен кешіктірмей қаралған адамдардың арасында кене инфекциясын жұқтырғандар болған жоқ», - делінген ақпаратта.

Кене энцефалитін емдеу тек стационарлық жағдайда жүргізіледі. Инфекция жұқтырған өңірдің жеті тұрғыны жұқпалы аурулар ауруханалары мен бөлімшелеріне жатқызылған. Пациенттерге арнайы ем-дом тағайындалды.

 

Хабар 24 телеарнасы