476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елордада колония аумағынан есірткі салынған түйіншек табылды

  • 188
  • UPD: 18:01, 07.08.2022
Елордада колония аумағынан есірткі салынған түйіншек табылды Zakon.kz.

Белгісіз біреулер тыйым салынған заттар толтырылған түйіншекті Нұр-Сұлтан қаласындағы түзеу мекемесінің аумағына лақтырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түзеу мекемесі қызметкерлері сотталғандардың бірінің әрекеті күдік туғызғандықтан, колония аумағын шолып шығуды жөн деп шешкен.

«Оқиға елорданың колонияларының бірінде болды. Серуендеу кезінде сотталғандардың бірі серуендеу ауласынан шығып кеткен. Оны колония қызметкерлері ұстады. Сотталушының әрекетін анықтау үшін қызметкерлер колония аумағын тексерді. Тексеру барысында учаскелердің бірінде скотчпен оралған түйіншек табылды», – делінген Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінен.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, түйіншекте тыйым салынған заттар болған: ақ түсті ұсақ кристалл тәрізді заты бар қара таспамен оралған түйіншек, сұр-жасыл түсті ұнтақ тәрізді заты бар полиэтилен түйіншегі, белгісіз сұйықтығы бар пластик ыдыс.

Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді, аталған факті бойынша тексеру амалдары қолға алынды.

 

Хабар 24 телеарнасы