Жамбылда жалған алкоголь шығаратын цех табылды

Жамбыл облысында жалған есепке алу-бақылау маркалары жабыстырылған алкоголь шығаратын цех анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті қаржы мониторинг департаментінің мамандары тінту кезінде 3 мың литрге жуық алкоголь өнімін тапты. Мамандар барлығы 36 мыңнан астам бөтелке арақ тәркіледі. Сондай-ақ олар қақпақтарды жабуға арналған құрылғылар тапқан. Қазір бұл іске қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Заңға сай әзірге өзге мәліметтер жария етілмейді.

Сондай-ақ...