Қостанайда жоғалған бес жасар қыз тікұшақпен іздестіріліп жатыр

Қостанайда із-түссіз жоғалған бес жасар қызды іздеуге тікұшақ жұмылдырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүлдіршін кеше қала маңындағы Жамбыл ауылында таң сәріде үйінен қашып кеткен. Оны түні бойы полиция, құтқарушылар, жергілікті тұрғындар, еріктілер ұзын саны 500-ден аса адам іздеді. Елді мекендегі барлық аула, тас жолдар, егістіктер, жыралар тексерілді. Қазір патрульдер мен қайықтар Тобыл өзенінің бойын дамылсыз сүзіп жүр. Қызды кеше таңғы сағат тоғыздар шамасында көрген куәгерлер бар. Олардың сипаттамалары бейнебақылау камераларының жазбаларымен сәйкес келетіні расталды.