Қостанай облысында жоғалған бала әлі табылған жоқ

Қостанай облысында 5 жасар қызды іздестіру шаралары жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоғалған балдырғанды соңғы рет жүгері алқабында көрген екен. Алқапты полицейлер қоршауға алды, іздестіру жұмысына дрон пайдаланылып жатыр. Әлеуметтік желіде тараған видеобейнеде алқапта желінген жүгерінің қалдығы табылды. Жергілікті және қала тұрғындары полицияға жүгері алқабын сүзіп шығуға көмектесіп жатыр. Бұған дейін Қостанай облыстық Полиция департаменті бала жоғалған күннің хронологиясын жасаған.

Естеріңізде болса, Жамбыл ауылында тұратын 5 жасар қыз 7 тамыз күні таңертең үйінен шығып кеткен. Ерекше белгілері – сөйлемейді. Үйде 18 және 13 жастағы әпкелерінің қарауында болған.