Павлодар облысында мұнай ұрлағандар ұсталды

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тергеу барысында 15 көтерме жеткізушіден 610 млн теңгеден астам сомаға 3,5 мың тонна АИ-92 маркалы бензин сатып алу фактісі анықталды. Өнім кейіннен белгісіз тұлғаларға еш құжатсыз сатылған. Айыпталушылар жалпы сомасы 550 млн теңгеден астам жалпы көлемі 2,4 мың тонна дизель отынын заңсыз сатқан. Сот кінәлілерді 2 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

– Сот Шұғаев А.С. ақшалай қаражатын тәркілеумен 6 жылға, Унгефуг С.Г. 4 жыл 6 айға, Шамиев Е.Х. 2 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруға және 3 көлік пен 3 жартылай жүк тіркемелерін тәркілеуге үкім шығарды.