476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алматыда сарбаз көз жұмды

  • 203
  • UPD: 14:23, 10.08.2022

Алматыдағы 55/71 әскери бөлімде 19 жастағы сарбаз көз жұмды. Кеше кешкі сағат 9-шамасында дала жұмыстары кезінде дауыл тұрып, шатырлы қалашықты жел ұшыра бастаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қатардағы жауынгер Шахимов қызметтестерін қауіпсіз жерге көшіруге көмектесіп жүрген сәтте шатырдың металл тірегі басына тиген. Ауыр жарақат алған сарбазға дереу медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілгенімен, ол алған жарақатынан көз жұмды. Ұлттық ұлан сарбазы 2003 жылы дүниеге келген, Шымкент қаласынан әскер қатарына шақырылған. Қазір Алматы әскери бөлімінде кісі өліміне қатысты қызметтік тергеу басталды.

Хабар 24 телеарнасы