Қостанайда жоғалған қыз баланы іздеу шараларының тактикасы өзгерді

Қостанайда жоғалған қыз баланың ерекшеліктерін ескере отырып, іздеу жұмыстары тыныштық режимінде жүргізіліп жатыр. Аумақты тінту бағыты өзгерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін іздестіру топтары Тобыл өзенінің бойымен жүріп өтсе, енді өзеннен Жамбыл ауылына қарай бағыт алды. Бүгін таң сәріде төрт бағытта жүз шақырымға созылған аймақ қайта барланды.