Маңғыстау облысында ұйқыдағы адамды тонап кетті

Маңғыстау облысында ұйқыдағы ер адамды тонап кетті. Оқиға Бейнеу ауылындағы  жанармай құю бекетінде болған. Демалып жатқан адамның 80 мың теңгесі қолды еткен күдіктілер  ұсталды. Олар өз кінәларын мойындап отыр. 

Қарағандылық полицейлер айналымнан 24 келі гашиш пен ірі көлемдегі марихуананы тәркіледі. Олар арнайы операция кезінде 37 жастағы көлік жүргізушісін тоқтатқан. Автокөлікті тінту барысында жүксалғыштан қоңыр түсті зат салынған 4 түйіншік табылды. Сонымен қатар көліктің артқы орындығының астынан құрамында есірткі заттары бар 10 түйіншік анықталды. Кейінірек көлік жуу бекетінде тағы бірнеше қап кептірілген марихуана табылды. Анықталған есірткі заттарының жалпы көлемі шамамен екі жүз келіге жуықтайды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу басталды.

Қарағанды облысында екі көлік соқтығысты

Балқаш -  Қарағанды тас жолында жол көлік апаты болды. Рөлге ие бола алмаған «Шевроле» көлігінің жүргізушісі «Лексусқа» соғылған. Салдарынан көлік аударылып қалды. Кейбір жарақаттары болмаса  жүргізуші дін аман. Қазір ауруханада жатыр. Жол апатына кінәлілер тергеу барысында анықталады. 

Шымкентте көліктен қару табылды  

Шымкентте күмән тудырған көлікті тоқтатқан патрульдік полиция полкінің инспекторлары қателеспепті. Олар «Daewoo Nexia» маркалы автокөліктің жүксалғышынан қару тапты. Көлік иесінің суық қаруды қайдан алғаны және қандай мақсатта алып жүргеніне қатысты тексеру жұмыстары  жүргізіледі. Азамат Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жеткізіліп сараптама тағайындалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр.

Күршім ауданында дүкен өртенді  

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында дүкен өртеніп кетті. Қызыл жалын өнеркәсіп тауарларын, сөрелер мен ғимарат төбесін  күлге айналдырды. Өрттің шығуына сымдардың қысқа тұйықалуы себеп болған. Кәсіпкерге келтірілген шығын көлемі анықталу үстінде.

Ақтауда батып бара жатқан жасөспірімдер құтқарылды 

Ақтаулық құтқарушылар суға батып бара жатқан жасөспірімдердің өмірін аман алып  қалды. 2011 жылы туған екі бала кешкі уақытта арнайы жабдықталмаған жағажайда шомылған екен. 

Абырой болғанда, құтқарушылар дер кезінде келіп жеткен. Жасөспірімдерге медициналық көмек қажет болған жоқ.