Ақтөбе облысына дизель жеткізуші оператор алыпсатарлықпен айналысқан

Ақтөбе облысында шаруаларға арзан дизель отынын жеткізетін операторлардың бірі заңды бұзған.

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мамандары хабарлады. Тексеріс кезінде компания алған 12 жарым тонна өнімнің 10,3 тоннасын ғана қолжетімді бағамен сатылымға шығарды. Қалғанын өздерінің жанармай құю станциялары арқылы жоғары бағамен саудалаған. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржы мониторинг агенттігі ресми өкілі:

- Серіктестік Ақтөбе облысының тауар өндірушілеріне арналған арзан отын сатуда монополистік әрекеттер байқалады. Тергеу басталды. Фактілер анықталғанда, АФМ хабарласуыңызды сұраймыз.