Павлодарда өзен маңында ер адам суға батып кете жаздады

Шомылуға арналмаған жерге суға түскен ер адам суға батып кете жаздады, алайда оған медициналық көмек қажет болмады, деп хабарлайды «Хабар 24» @Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өзен порты маңында ер адам суға батып бара жатқаны туралы хабарлама түскен.

«Оқиға орнына жедел құтқару жасағынан катермен екі адам шықты. Бұл жер шомылуға арналмаған», – дейді департаментте. Құтқарушылар  суға  батып бара жатқан адамды алып шығып, құтқару

станциясына жеткізді.