476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қарағанды облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

  • 178
  • UPD: 15:29, 14.08.2022
Қарағанды облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

Қарағанды облысында өткен тәулікте үш жол апаты болды. Көліктердің соқтығысуы салдарынан төрт адам қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция қызметкерлерінің жол ережелерін қатаң сақтау, жылдамдықты шектен тыс асырмау туралы бірнеше ескертуіне қарамастан соңғы қайғылы жағдайға соқтырған жол апттары жиілеп кетті. Тек өткен тәулікте Қарағанды облысының жолдарында 3 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, төрт адам қаза тапты.

«13 тамыз күні түнгі сағат 01:30 шамасында «Ақсу-Аюлы-Ағадыр» тасжолында Ағадыр кентінен 30 шақырым жерде 20 жастағы «БМВ» автокөлігінің жүргізушісі алдын ала болжам бойынша Ағадыр кентіне бара жатып, рульге ие бола алмай қалып аударылған. Оқиға салдарынан көліктегі екі жолаушы оқиға орынында қаза тапты», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Дәл осы күні сағат 13:10-да «Қарағанды-Балқаш» тас жолында Жұмабек ауылына 5 шақырым жетпей 42 жастағы көлік жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, 63 жастағы азаматтың басқаруындағы «Лексус» автокөлігімен соқтығысқан. Екі автокөліктің жүргізушілері әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Соңында «Лексус» автокөлігінің жүргізушісі ауруханада қайтыс болды. 

13 тамыз кешкі сағат 20:11-де «Ялта-Құлайғыр» тасжолында 64 жастағы «Тойота Превия» автокөлігінің жүргізушісі алдын ала болжам бойынша көлікті басқара алмай 39 жастағы азаматтың басқаруындағы «Лада-Приора» автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасынан 49 жастағы «Лада-Приора» автокөлігінің жолаушысы алған дене жарақаттары салдарынан оқиға орынында қаза тапты. Сондай-ақ «Лада-Приора» автокөлігінің 3 жолаушысы, «Тойота Превия» автокөлігінің жүргізушісімен 5 жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. 

Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде. 

Қарағанды облысы Полиция департаменті көлік жүргізушілерді осындай қайғылы жағдайларға жол бермеу үшін қарапайым ережелерді сақтап, жылдамдықты асырмауға шақырады.

Хабар 24 телеарнасы