Тайтөбедегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды – Ақмола облысы

Оқиға орнын тексеру барысында полицейлер механикалық зақымдалмаған газ баллон тапқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайғылы оқиғаға дейін үй иесі мен оның ағасы көмірді сұрыптаумен айналысыпты. Сол сәтте белгісіз зат жарылып, үй иесі оқиға орнында қайтыс болды. Екінші ер адам мен оның баласы түрлі жарақаттармен Нұр-Сұлтан қаласының емдеу мекемелеріне жатқызылды. Қазіргі уақытта Өрт қауіпсіздігінің талаптарын бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.