Алматыдағы жарылғыш зат туралы ақпарат жалған болып шықты

Алматыдағы қалалық соттың әкімшілік ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нысанды шолып шыққан саперлар күдікті ештеңе таппаған. Осыдан бірер сағат бұрын полицияға сот ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы жасырын ақпарат түскен еді. Аталған мекен жайға қаланың жедел қызметтері жіберіліп, ғимарат қоршауға алынды. Қалалық соттың қызметкерлері мен келушілер эвакуацияланды. Енді полицейлер жалған хабарлама жасаған тұлғаны анықтауға кірісті.