Шымкентте бір жасар бала ашық электр тоғына түсіп қайтыс болды

Қайғылы жағдай Қаратау ауданына қарасты Нұртас шағын ауданындағы тұрғын үйде болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ата-анасының бір сәт қарауынсыз қалған сәби электрлі пеш сымын ұстап, салдарынан оқиға орнында жан тапсырды. Полиция қызметкерлері мән – жайды анықтап жатыр. Өкініштісі, Шымкентте тамыз айы басталғалы бері электр тоғынан екі бүлдіршін қайтыс болған. 

Нұрсұлтан Жорабек, қалалық ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері:

- Ата-анасының айтуы бойынша «Asel» пеші ұзартқыш арқылы жалғанған. Жанында ойнап жүрген 2021 жылы туған бала ашық тұрған электр сымын қолмен ұстап, оқиға орнында қайтыс болған.