Қант бағасына қатысты тергеу басталды

Елімізде қант бағасын әдейі қымбаттатқан болуы мүмкін. Шекер төңірегіндегі былықтың беті ашылатын болды. Қазір, қант нарығындағы заңсыздық белгісі бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы Серік Жұманғарин мәлімдеді. Ведмство басшысының айтуынша, қант бойынша айналым схемасына 100 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінген. Алайда үкімет берген қаражат қант зауыттарына жетпей қалған. Мәселенің анық-қанығы монополияға қарсы органнның тергеу нәтижесінде анықталады.

Серік Жұманғарин, ҚР Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы:

- Проблема неден шықты? Неге айналым сехмасына берілген 100 млрд теңге әкімшіліктен бірден зауыттарға бармады? Көб әкімшілік тікелей зпуыттарға төлеген. Қазір тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде монопаолоияға қарсы орган жауап береді.

Сондай-ақ...