Алматыда ұрланған 100 млн теңгенің алтыны табылды

Алматыда 12 тамызда қаладағы базарлардың бірінен алтын әшекейлерІ ұрланған еді. Қылмыскерлер қолды еткен бағалы бұйымдар табылып, күдікті ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қылмыскер түнде сауда үйіндегі алтын сататын сегіз дүкеннің сөресін сындырады. Кейін өздерімен бірге 100 млн теңгенің әшекей бұйымдарын тонаған. Бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктінің жеке басы лезде анықталды. 35 жастағы азамат Қонаев қаласындағы қонақүйлердің бірінде қолға түсті. Сонымен қатар ол ұрланған алтындарды қала шетіндегі шөл далаға жасырып тастапты. Қазір айғақтар тәркіленді, ал күдікті болса қамауға алынды.

Сондай-ақ...